Майкл Кьеза: «Царукянға титулдық мүмкіндікке жету үшін тағы бір жеңіс керек»
АҚШ-тың UFC жауынгері Майкл Кьеза Арман Царукянның жеңіл салмақтағы чемпиондыққа таласу мүмкіндігі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кьезаның айтуынша, ресейлік файтерге чемпиондық жекпе-жекке жолдама алу үшін тағы бір жеңіс қажет. Күтіліп отырғандай, оның келесі қарсыласы Жаңа Зеландия өкілі Дэн Хукер болмақ. Бұл айқас 22 қарашада Катарда өтетін UFC турнирінде жоспарланған.
«Өкінішке қарай, Арманға титулдық мүмкіндікке ие болу үшін әлі бір жеңіс керек», – деді Кьеза MMA Junkie басылымына берген сұхбатында.
Қазіргі уақытта Арман Царукян 25 жекпе-жектің 22-сінде жеңіске жетіп, UFC жеңіл салмақ рейтингінде екінші орында тұр.
Рафаэль Физиев Чарльз Оливейрамен жекпе-жегін өткізбейді
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или