Бенуа Сен-Дени Оливейраға қарсы жекпе-жекке шықпайды

Бенуа Сен-Дени Оливейраға қарсы жекпе-жекке шықпайды

UFC жеңіл салмақтағы файтері Бенуа Сен-Дени Рафаэль Физиевтің жарақатына байланысты Чарльз Оливейраға қарсы жекпе-жекке ауысып шығудан бас тартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл жайлы спортшының менеджері Гильем Пелье мәлімдеді.

Физиевтің жарақатына байланысты 12 қазанда Рио-де-Жанейрода өтетін турнирде Оливейраға қарсы айқасқа қатыса алмайтыны белгілі болған еді.

«Бұл туралы маған жиі сұрақ қояды, сондықтан анықтап өткім келеді. Жоқ, Бенуа қазан айында Оливейраға қарсы шықпайды. Біз Чарльзді қатты құрметтейміз, мұндай деңгейдегі айқасқа толыққанды дайындық қажет», – деп жазды Пелье әлеуметтік желіде.

Рафаэль Физиев Чарльз Оливейрамен жекпе-жегін өткізбейді

Видео. «Қоқан арыстаны» жекпе-жектерін қалай аяқтады?

UFC чемпионы Илия Топурия боксшы Теренс Кроуфордқа үн қатты



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или