Андрей Назаров: «Команда үшін өткен жеңіліс ауыр сабақ болды»

Астаналық «Барыстың» бас жаттықтырушысы Андрей Назаров тольяттилік «Ладамен» өткен кездесу жайында айтып берді.

- Команданы жеңіспен құттықтаймын. Ойын оңайға соқпады. Соңына дейін бәсеке қыза түсті. Үлкен алаңдарға бой үйрету де қиындау болды. Дегенмен сын сәтте бар күшімізді салдық. Келесі ойынға дайындықты бастаймыз. Оның да жүгі ауыр болатыны анық.

- Найджел Доус үш ойын қатарынан айдынға шықпады. Бүгінгі матч алдында оның дайындығына күмәнданған сәтіңіз болды ма?

- Жоқ. Бір сәтке күмәнданған емеспін. Ол ойынға үлкен дайындықпен кірісті.

- Ол кезде жаттықтырушы болмасаңыз да, «Барыстың» алдыңғы кездесуде 0:6 есебімен жеңілгені осы жолы спортшылардың көңіл-күйіне әсер етпеді ме?

- Команда үшін өткен жеңіліс ауыр сабақ болды. Жаттықтырушы ондай сәттерде ойыншылардың көңілін екінші матчқа аудара білу керек. 3 ай бұрынғы жағдай мен қазіргіні салыстыруға келмейді. Жақсы дайындық бар жерде мүмкіндіктер де еселене түседі. Екі командадан да қобалжу байқадым.

BNews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или