Хамзат Чимаев UFC титулына қол жеткізді

Хамзат Чимаев UFC титулына қол жеткізді

Бүгін таңертең Қазақстан уақыты бойынша Чикагода (АҚШ, Иллинойс штаты) UFC 319 турнирінің басты жекпе-жегі өтіп, оңтүстік африкалық Д.Дю Плесси (23-2)пен БАӘ өкілі Хамзат Чимаев(14-0) кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дю Плесси орта салмақтағы UFC чемпионы титулын бәске тікті. Жекпе-жек жоспарланған бес раундқа созылып, төрешілер шешімімен (50-44, 50-44, 50-44) Чимаевтың пайдасына аяқталды. Осылайша, Хамзат ММА-дағы 15-ші жеңісіне қол жеткізіп, белбеуді жеңіп алса, Плессис мансабындағы үшінші жеңілісіне ұшырады,

Айта кетейік, Хамзат Чимаев алғаш рет UFC чемпионы атағының иегері атанды. Д.Дю Плесси өз кезегінде үшінші рет белбеуін сәтті қорғай алмады.



Қонаевтағы айқаста Еркебұлан Тоқтар жанкүйерлерін қуантты

OCTAGON 77 турнирінде бүйірден жасалған соққы айқасты ерте аяқтауға себеп болды

OCTAGON 77 турнирінде қазақстандық жеңілмеген файтер өнер көрсетеді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или