Резниковты жеңген ресейлік файтер мәлімдеме жасады

Резниковты жеңген ресейлік файтер мәлімдеме жасады


Қазақстандық ММА шебері Магомед Кабардиев (10-1) 24 шілдеде БАӘ-нің Абу-Даби қаласында өтетін UAE Warriors 62 турнирінде жекпе-жек өткізеді. Бұл жекпе-жек турнирдің басты оқиғаларының бірі болмақ.

Кабардиевтің қарсыласы — Украинадан келген Кирилл Горобец (13-3). Жеңіл салмақта өтетін кездесу үш раундқа жоспарланған. Бұл Магомедтің 2023 жылдан бергі алғашқы ресми жекпе-жегі болмақ. Бұған дейін ол «Наше дело» турнирінде ресейлік Александр Грозинге (26-5-1) ұпай санымен есе жіберген.

Naiza FC лигасының бұрынғы чемпионы саналатын Кабардиев UFC-мен келісімшартқа қол қоюы мүмкін деген үміт артып жүрген спортшылардың бірі. Бұл жолғы жекпе-жек оның үлкен спортқа қайта оралуындағы маңызды белес болмақ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или