UFC рейтингінде өзгеріс: Асу Алмабаев бір саты төмендеді
UFC 317 турнирінен кейін жаһандық рейтингте өзгерістер орын алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Чемпиондық айқаста Кай Кара-Франсты жеңген бразилиялық Алешандре Пантожа P4P рейтингінде төрт саты жоғарылап, бесінші орынға жайғасты.
Ал АҚШ өкілі Джошуа Ван отандасы Брэндон Ройвалды тізе бүктіріп, наилегжей салмақта бірден он бір орынға көтерілді. Енді ол дәл осы салмақта бірінші орынға шықты. Енді ол Пантожамен титул үшін жұдырықтасады.
Бұл өзгерістердің салдарынан Абу-Дабиде өтетін UFC Fight Night турнирінде өзбекстандық Рамазан Темировпен кездесетін қазақстандық Асу Алмабаев бір саты төмен түсіп, тоғызыншы орынға тұрақтады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или