Холланд UFC-дегі қосымша сыйақы бойынша Хабиб пен Ислам озып кетті

Холланд UFC-дегі қосымша сыйақы бойынша Хабиб пен Ислам озып кетті


UFC жекпе-жегінде өнер көрсеткен америкалық Кевин Холланд Ньюарктағы турнирден кейін «кештің үздік өнері» бонусын иеленді, деп хабарлайды Prosports.kz. Бұл – 32 жастағы спортшының UFC-дегі оныншы бонусы.

Осылайша, Холланд аты аңызға айналған Деметриус Джонсон мен Стипе Миочичті (екеуінде де – 9 бонус) артқа тастап, Конор Макгрегор мен Джон Джонспен теңесті. Екеуінің де еншісінде дәл осындай 10 марапат бар.

Бұдан бөлек, Кевин Хабиб Нурмагомедов пен Ислам Махачевтің жалпы көрсеткішінен де асып түсті. Хабиб үш, ал Ислам алты рет бонус алған. Барлығы – 9. Холланд бұл екеуінің қосындысынан бір саты жоғары тұр.

Ал UFC тарихындағы рекорд – бразилиялық Чарльз Оливейраға тиесілі. Оның қоржынында 20 бонус бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или