Бұрынғы UFC файтері ауыр хәлде ауруханада жатыр

Бұрынғы UFC файтері ауыр хәлде ауруханада жатыр


One Championship пен Bellator ұйымдарының бұрынғы чемпионы, UFC-де де өнер көрсеткен америкалық Бен Аскрен ауыр хәлде ауруханаға түсті. Бұл туралы Prosports.kz хабарлады.

Жауынгердің жұбайының айтуынша, Аскренге кенеттен ауыр түрдегі өкпе қабынуы (пневмония) диагнозы қойылған. Қазіргі уақытта ол ешқандай сыртқы дүниеге жауап бере алмайды.

«Беннің жағдайы өте қиын. Бұл бәріміз үшін күтпеген жағдай болды. Қазір ол ауруханада жатыр, ештеңеге жауап бере алмайды. Оның сауығып кетуін тілеп, біз үшін дұға жасауларыңызды сұраймыз. Балалар үшін бәрін қалыпты етіп көрсетуге тырысып жатырмыз. Сол себепті бұл жағдайды олармен талқыламауды өтінеміз», – деп жазды Беннің жұбайы әлеуметтік желіде.

Еске салайық, Бен Аскрен өзінің соңғы жекпе-жегін 2019 жылы өткізіп, Демиан Майеге жеңілген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или