Қазақстан құрамасының хоккейшісі ҚХЛ клубынан кетеді
«Адмирал» қазақстандық қорғаушы Леонид Метальниковпен келісімшартты ұзартпайды. Хоккейші клубынан кетеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Shaiba.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұған дейін 35 жастағы қорғаушы «Барысқа» оралуы мүмкін деген ақпарат шыққан болатын. Леонид Метальников астаналық командада 2015–2016 жылғы маусымда, сондай-ақ 2019–2021 жылдар аралығында ойнаған.
Өткен маусымда Өскемен хоккей мектебінің түлегі ҚХЛ тұрақты чемпионатында 54 матч өткізіп, 7 (1+6) ұпай жинады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или