Белал UFC титулынан айырылды

Белал UFC титулынан айырылды

Монреальда (Канада) кезекті UFC 315 нөмірлі турнирі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирдің басты жекпе-жегінде жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы америкалық-палестиналық Белал Мұхаммад пен 77 келіде бесінші орындағы австралиялық Джек Делла Маддалена өнер көрсетті.

Жекпе-жек бес раундқа созылып, төрешілер Маддаленаны жеңімпаз деп таныды. 

Енді жеңіл салмақтағы чемпион Ислам Махачев Маддаленамен жекпе-жек өткізу үшін жартылай орта салмаққа өтеді. Бұл туралы UFC басшысы Дана Уайт бүгінгі UFC 315 турнирінің алдында мәлімдеген еді. Жартылай орта салмақтағы қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов үшін чемпиондық жекпе-жектің ауылы алыстай түсті. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или