Мухаммад — Маддалена, Шевченко — Фиоро. UFC 315 турнирінің тікелей трансляциясы
11 мамырға қараған түні Канаданың Монреаль қаласындағы «Bell Centre» аренасында UFC 315 турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кештің басты жекпе-жегінде жартылай орта салмақтағы чемпион Белал Мұхаммад алғаш рет белбеуін қорғайды. Оның қарсыласы – аустралиялық файтер Джек Делла Маддалена.
Кештің тағы бір басты жекпе-жегінде әйелдер арасында аса жеңіл салмақта чемпиондық белбеу үшін кездесу өтеді. UFC тарихындағы үстем спортшылардың бірі саналатын Валентина Шевченко сегізінші рет белбеуін қорғайды. Оның қарсыласы жеңіліп көрмеген франциялық файтер Манон Фиоро болады.
Сонымен қатар, қазақстандық файтер Бекзат Алмахан UFC-дегі екінші жекпе-жегін өткізеді. Ол канадалық Брэд Катонамен кездеседі.
Алмаханның жекпе-жегі Қазақстан уақытымен шамамен 03:30-ға жоспарланған. Басты кард 07:00-де басталады. Тікелей трансляцияны ЖЕРДЕН немесе мына СІЛТЕМЕ арқылы көруге болады.
