Асу Алмабаевтың UFC-дегі жекпе-жегі туралы ресми мәлімдеме жасалды
Асу Алмабаев 26 шілде күні Әбу-Дабиде өтетін UFC on ABC 9 турнирінде өнер көрсетеді. Оның келесі қарсыласы өзбекстандық Рамазан Темиров болады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жекпе-жек Біріккен Араб Әмірліктерінің Әбу-Даби қаласында өтеді. UFC турнирі әлемнің үздік файтерлерін тағы да бір алаңда жинамақ және Асу Алмабаев бұл шоуға қатысатын болады.
Алмабаев UFC-дің аса жеңіл салмақ дивизионында сегізінші орында тұр. Оның кәсіпқой рекорды — 21 жеңіс және 3 жеңіліс, ал промоушен аясында ол 4 рет жеңіп, бір рет жеңілген. Кейінгі жекпе-жегінде ол кештің басты кездесуінде қарсыласына есе жіберген еді.
Оның қарсыласы — 28 жастағы Рамазан Темиров — рейтингте 13-орында тұр. Оның кәсіпқой көрсеткіші — 19 жеңіс пен 3 жеңіліс. UFC-де өзбекстандық спортшы екі мәрте жеңіске жеткен.
Asu Almabayev will fight Ramazan Temirov at #UFCAbuDhabi on July 26th. (first rep. @Sportilinetkz) #UFC #MMA #UFCESPN #UFC2025 pic.twitter.com/GcvPauKcdX
— Marcel Dorff 🇳🇱🇮🇩 (@BigMarcel24) May 8, 2025