Қазақстандық файтер титулды жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады

Қазақстандық файтер титулды жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады

Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов АҚШ-та еуропалық промоушен аясындағы титулдық жекпе-жекке дайындақ барысында мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Жаттығу лагері қызу жүріп жатыр. 28 маусымда нағыз шайқас болады. Күшім толып тұр. Жекпе-жекке дайынмын», — деп жазды Жұмағұлов UFC-дің жеңіл салмақтағы чемпионы Алешандро Пантожамен бірге түскен фото жариялап. Фото танымал American Top Team жаттығу залында түсірілген.

Айта кетейік, бұған дейін еуропалық OCTAGON лигасы қазақстандық бұрынғы UFC файтері мен лиганың қазіргі чемпионы, грузиялық спортшы Бено Адамия арасындағы титулды жекпе-жекті жариялаған еді.

Жекпе-жек 28 маусымда Германияның Гамбург қаласында өтеді.

Еске салайық, Жұмағұлов OCTAGON лигасындағы дебютін былтыр қарашада өткізген болатын. Онда ол Уэльс файтері Аарон Эбиді төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңген еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или