Өскемендегі спорт сарайы ҚХЛ талаптарына сай кеңейтіледі

Өскемендегі спорт сарайы ҚХЛ талаптарына сай кеңейтіледі

Шығыс Қазақстан облысының басшысы Даниал Ахметов жаңа жыл қарсаңында «Торпедо» ХК директоры Сергей Немчинов пен бас жаттықтырушы Мисхат Фахрутдиновты қабылдады.

Клубтың түйткілді мәселелерін талқылаған аймақ басшысы соңғы ойындардың қорытындысы көңілге үміт ұялататынын айтты.

Кездесу барысында «Торпедо» хоккей клубының басшылығы клубта атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді. Аймақ басшысы қиын күндерге қарамастан, облыс басшылығы командаға барынша қолдау көрсететінін, ал олар жанкүйерлердің сенімін ақтаулары керек екендігін жеткізді.

Сондай-ақ, облыс әкімі жақын уақытта Б.Александров атындағы спорт Сарайы Құрлықтық хоккей лигасының талаптарына сай кеңейе түсетіндігін хабарлады. Жоспар бойынша халықаралық талаптарға сәйкес негіз құрылмақ.

Кездесу соңында Даниал Ахметов «Торпедо» клубының директоры мен бас жаттықтырушысын келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, істеріне сәттілік, табыс және жаңа жеңістер тіледі.

BNews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или