«Жетісу» алғаш рет Азияның клубтық Чемпиондар лигасының чемпионы атанды

«Жетісу» Филиппин елінде волейболдан әйелдер командалары арасында өткен Азияның Чемпиондар лигасында топ жарды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Сүйінші хабармен Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі бөлісті.
Ақтық сында талдықорғандық спортшылар вьетнамдық «Бин Дьен Лонг» командасын 3:1 есебінен ұтып, өз тарихында тұңғыш рет Азия чемпиондар лигасының алтын медаліне қол жеткізді.
Айта кетсек «Жетісу» командасы бұған дейін Азияның клубтық Чемпиондар лигасына тоғыз рет қатысып, екі мәрте – 2010 және 2013 жылдары күміс медаль алған болатын. Ал биылғы чемпионатта алтыннан алқа тағып, осылайша жетісулық команда алдағы қыркүйекте Таиландта өтетін клубтық Әлем чемпионатына жолдама алды.
Сурет: Серік Қантаев
Азия Чемпиондар лигасына Қазақстан, Таиланд, Филиппин, Қытай, Вьетнам, Қытай, Гонконг, Иордания және Иранның үздік әйелдер клубтары қатысқан болатын.