«Жетісу» командасы Азия чемпиондар лигасының жартылай финалына өтті

«Жетісу» командасы Азия чемпиондар лигасының жартылай финалына өтті


Филиппинде волейболдан әйелдер командалары арасында Азия чемпиондар лигасында «Жетісу» жартылай финалға жолдама алды.

Талдықорғандық команда ширек финалда филиппиндік «PLDT High Speed Hitters» клубымен алаңға шықты.

Бірінші партияда талдықорғандықтар бет қаратпады — 25:13.

Есесіне екінші және үшінші сет тартысты өрбіді. «Жетісу» бапкері, сербиялық Марко Гршич керек кезінде үзіліс алып, ойыншыларына дұрыс бағыт бере білді — 25:22, 25:20. Қорытынды есеп — 3:0.

«Жетісудың» жартылай финалдағы қарсыласы кейін анықталады.

Дереккөз: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или