Октагондағы тартыс: чемпиондық белбеу кімге бұйырды?
Алматыда өткен OCTAGON 71 турнирінде жартылай жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеу үшін өткен тартысты жекпе-жекте Өзбекстаннан келген Сардор Худойбердиев (8-3) пен Қырғызстан спортшысы Арген Абдыкадыр уулу (9-1) күш сынасты.
Бірінші раунд Абдыкадыр уулудың пайдасына шешілді — ол қарсыласын жерге түсіріп, үстемдік көрсетті. Екінші кезеңде Худойбердиев қарқынын арттырып, раундты өз пайдасына жазды. Үшінші бес минуттық тең дәрежеде өтті, ал шешуші сәттер чемпиондық раундтарға қалды.
Төртінші раундтың басында Арген белсенді көрінгенімен, соңында Сардордың үстемдігі байқалды. Бесінші раундта Худойбердиев қарсыласын әбден шаршатып, тұншықтыру әдісін қолданып, жеңіске жетті. Осылайша, ол OCTAGON лигасының жаңа чемпионы атанды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или