Айқасқа толы түн: Алматыда OCTAGON 71 турнирі өтеді

Айқасқа толы түн: Алматыда OCTAGON 71 турнирі өтеді


19 сәуір, сенбі күні Алматыда кезекті OCTAGON 71 турнирі өтеді. Бұл кештің басты жекпе-жегі – әйелдер арасындағы ең жеңіл салмақта өтетін чемпиондық айқас. Қазақ жанкүйерлер асыға күтіп жүрген Аян Тұрсын (7-0) октагонға қайта оралады.

UFC-ге қарай жол тартқан Тұрсын бұл жолы өз белдігін алғаш рет қорғайды. Оның қарсыласы – Қырғызстанның мықты панчерлерінің бірі Фарида Абдуева (4-1). Қырғыз файтері осыған дейінгі төрт жекпе-жегінің бәрінде жеңіске жетіп, екеуінде қарсыласын мерзімінен бұрын тоқтатқан. Аян Тұрсын чемпиондық атақты 2023 жылдың қарашасында Ресейлік Марина Шутованы (5-4-1) жеңіп алған болатын.


Жас әрі жігерлі қырғыз файтері Фарида Абдуева OCTAGON лигасында төрт жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен. Оның екеуін мерзімінен бұрын аяқтаған. Алдағы қарсыласы – әзірге ешкімге есе жібермеген Аян Тұрсын. Бұл жекпе-жек Абдуева үшін мансабындағы жаңа белеске шығуға үлкен мүмкіндік. Ол жеңіске жетсе, лиганың жаңа чемпионы атануы мүмкін.

Кештің басты жекпе-жегіне дейінгі екінші маңызды оқиға – ерлер арасындағы чемпиондық белдік сарапқа салынатын айқас болмақ. Жартылай жеңіл салмақтағы уақытша бос тұрған чемпиондық атақ үшін өзбекстандық Сардор Худойбердиев (8-3) пен Қырғызстан өкілі, бұрынғы үміткер Арген Абдықадыр ұлы (9-1) октагонда жолығады. Бұл белдік бұған дейін «Қырғыз феномені» атанған Муртазали Магомедовке (9-0) тиесілі болған еді.


Қырғызстандық спортшы бұған дейін жартылай жеңіл салмақта чемпион болуға бір талпынып көрген еді. Алайда Мухаммаджон Курбановпен (12-4) өткен жекпе-жекте ауыр жеңіліске ұшырап, мансабындағы алғашқы сәтсіздігін бастан кешті. Соған қарамастан, Абдықадыр ұлы қайсар мінез танытып, Баймурат Ниязовты (4-7) және Рустам Даминовты (4-3-1) мерзімінен бұрын жеңіп, қатарынан екі рет жеңіске жетті.

Сардор Худойбердиев те кезінде чемпиондық белдікке таласуға мүмкіндік алған. Бірақ 2023 жылдың қарашасында Муртазали Магомедовпен өткен кездесуде бұл мүмкіндікті пайдалана алмады – жекпе-жек уақытынан бұрын аяқталған. Дегенмен, Калысбек Саидибрагиммен болған қиын айқаста жеңіске жетіп, Худойбердиев чемпиондық белдік үшін қайтадан күресуге жолдама алды. Енді ол сенбі күні Абдықадыр ұлымен кездеседі.


19 сәуір күні октагонда көпшіліктің көзайымына айналған актер, блогер әрі файтер Арнұр Қабдолдаев (4-1-1) көптен күткен реванш жекпе-жегін өткізеді. Ол биылғы қаңтар айында Ираннан келген Хамидреза Таебенииден (5-3) күтпеген жерден жеңіліп, мансабындағы алғашқы сәтсіздігін тіркеген болатын. OCTAGON 69 турниріндегі нокауттан кейін Қабдолдаев дереу реванш талап етіп, бұл өтініш қанағаттандырылды.

Енді қазақстандық спортшы жанкүйерлерінің алдында сенсациялық жеңіліс жай ғана сәтсіздік болғанын дәлелдеуге тырысады. Бұл сұрақтың жауабы көп ұзамай белгілі болады.



Кешкі жекпе-жек кешін жанкүйерлер асыға күткен тағы бір қызықты айқас түрлендіре түспек. Танымал тәжік файтері, көпшілікке «Метро Люблино» лақап атымен танылған Саймумин Мадиев (8-1) октагонда Қырғызстан өкілі Ырысбек Тіленовпен (4-1) күш сынасады.

Бұл тартысты жекпе-жек те кештің ең қызу сәттерінің бірі болатыны сөзсіз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или