Астаналық оқушы шахматтан Азия чемпионатында чемпион атанды

Астаналық оқушы шахматтан Азия чемпионатында чемпион атанды

Алматыда өткен шахматтан Азия чемпионатында елордалық мектептің 10-сынып оқушысы алтын және әлемдік біріншілікке жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz

Азия чемпионатына Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Ауғанстан және Қазақстанның ең мықты шахматшылары жиналды.

Нью-Делиде өтетін Әлем Кубогына жолдама алу үшін күресте Темірбек Жүргенов атындағы №70 мектеп-лицейдің 10 сынып оқушысы Аңсат Алдияр абсолютті жеңімпаз атанды.

Он бес жасар шахматшы енді Үндістанда өтетін әлем чемпионатында Орталық Азияның атынан қатысады.

Бұл талантты оқушының әлемдік аренаға алғашқы шығуы емес — Аңсат Алдияр бірнеше рет Азия және әлем чемпионаттарының жүлдегері атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или