2025 жылғы әлем чемпионына көлік сыйға тартылды (видео)

2025 жылғы әлем чемпионына көлік сыйға тартылды (видео)

Бүгін 2025 жылғы әлем чемпионы Аида Әбікееваға көлік сыйға тартылды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Спорт Шредингера телеграм-арнасына сілтеме жасап.

Chevrolet Monza автокөлігінің кілтін Қарағанды облысы бокс федерациясының президенті, кәсіпкер Камалутин Халиков табыстады. Ал Аиданың бапкері Ислам Абдраимовқа 3 мың доллар (1,5 млн теңге) көлемінде сертификат берілді.

Аида 2025 жылғы әлем чемпионатында 63 келі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды. Ол — Қарағанды әйелдер боксы тарихындағы тұңғыш әлем чемпионы.

Әбікеевамен бірге Назым Қызайбай (48 кг) мен Алуа Балқыбекова (50 кг) да 2025 жылғы әлем чемпионатында алтын жүлде иеленді. Олардың әрқайсысы 215 мың доллар көлемінде сыйақы алған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или