Баку турнирі: Қазақстандық боксшы ресейлік қарсыласын сенімді жеңді

Қазақстандық боксшы Нұрбек Мүрсәл Бакуде (Әзірбайжан) өтіп жатқан «Ұлы Жібек жолы» халықаралық турнирінде финалдық жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
71 келіге дейінгі салмақта финалда Мурсал ресейлік Игорь Свиридченковпен кездесті. Қазақстандық боксшы 5:0 есебімен сенімді жеңіске жетті.
Осылайша, Нұрбек Мүрсәл турнир жеңімпазы атанып, алтыннан алқа тағынса, Игорь Свиридченков күміске қол жеткізді
. Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Қазақстан ерлер арасындағы тағы бір финалдық жекпе-жегінде Ресейге қарсы жеңіске жеткен болатын: Бағлан Кенжебек (54 келі) Максим Кузнецовтен мықты болды - 4:1.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или