«Жібек жолы» турнирі: Қазақстандық алты боксшы жартылай финалға шықты

«Жібек жолы» турнирі: Қазақстандық алты боксшы жартылай финалға шықты

Әзербайжан астанасы Баку қаласында өтіп жатқан «Жібек жолы» халықаралық турнирінде төртінші жарыс күнінің нәтижесі белгілі болды.

Бұл күні еліміздің құрамасынан барлығы он бес боксшы шаршы алаңға шықты. Олардың арасынан алтауы жартылай финалға жолдама алса, қалғаны қарсыласына есе жіберіп қойды.

Әйелдер арасында бес боксшының төртеуі жарыс жолынан шығып қалды. 48 келіде Гүлназ Бөрібаева ресейлік Карина Фейзулинаны 3:0 есебімен тізе бүктірсе, аталған салмақта Ақбота Болат әзербайжандық Анаха Исмаилова, Роксана Гасымова өзбекстандық Жасмин Тахироваға 0:5 есебімен жеңіліп қалды.

Сондай-ақ Шахназ Исаева (57 келі) ресейлік Дарья Абрамова 2:3, Әсел Тоқтасын (81 келіден жоғары) ресейлік Ксения Олифриенкоға 0:5 есебімен жол берді.

Ал ерлер арасында Ерхан Тұрдан (57 келі) өзбекстандық Собиржон Тастасанов, Дулат Бекбауов (67 келі) әзербайжандық Заур Кахраманов, Асылхан Көшербай (67 келі) әзербайжандық Вугар Мамедов, Нұрбек Мұрсал (71 келі) грузиялық Ескерхан Мадиев, Санжарәлі Бегалиев (75 келі) қырғызстандық Исломбек Тургуновтан басым түсті.

Ел құрамасынан Рамазан Нұрлыбаев (51 келі) әзербайжандық Нижат Гусейнов, Ерболат Сабыр (57 келі) өзбекстандық Нодирбек Аллабергенов, Өнер Сейілхан (75 келі) әзербайжандық Сейджамшид Жафаров, Мақсат Өтегенов (75 келі) ресейлік Амин Кушков, Данияр Рақымбердинов (92 келіден жоғары) әзербайжандық Домингес Альфонсо Лоренбертоға жеңіліп қалды.

Дереккөз: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или