Қазақстандық боксшы Ресейде жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық боксшы Ресейде жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық Нұртас Әжбенов (15-1, 5 КО) танымал ресейлік боксшы Сергей Ковалевтің (35-5-1, 29 КО) қоштасу бокс кешінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

18 сәуірде Челябинскіде (Ресей) Әжбенов ресейлік Ваге Саруханянмен (21-4-2, 4 КО) жұдырықтасады. Жекпе-жек алты раундқа жоспарланған.

Айта кетейік, Нұртас жеңіл салмақта WBC Asian Continental чемпионы: ол титулды 2021 жылы жеңіп алған болатын.

Әжбенов кейінгі жекпе-жегін наурыз айының соңында өткізіп, отандасы Дастан Сәдуұлын (12-2, 12 КО) бірінші раундта нокаутқа түсірген болатын. Егер Сергей Ковалевтің қоштасу жекпе-жегіне тоқталатын болсақ, оның қарсыласы Германия құрамасының атынан сынға түсетін Қазақстан тумасы Артур Манн (22-4, 13 КО) болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или