Қазақстандық боксшы жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Виктор Темиров (6-0, 4 КО) келесі жекпе-жегін бүгін, 12 сәуірде өткізеді, деп жазады Prosports.kz.
Ол Квакенбрюктегі (Германия) бокс кешінде өнер көрсетіп, польшалық Адам Цесляковпен (8-24-1, 3 КО) кездеседі. Жекпе-жек қарсаңында екі қарсылас да салмақ өлшеу рәсімінен өтіп, қажетті салмақ шегін (72,57 келіге дейін) орындады. Сонымен қатар, боксшылар дәстүрге айналған көз түйістіру рәсімінде жасады.
Айта кетейік, 24 жастағы Виктор Темиров кәсіпқой рингте «Қасапшы» деген лақап атқа ие болғанымен, Германияда оны жас Геннадий Головкинмен салыстырады, ол да осы елде кәсіпқой мансабын бастап, керемет нокауттарымен танымал болған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или