Жеңіліп көрмеген ұлыбританиялық боксшының келесі қарсыласы белгілі болды

Жеңіліп көрмеген ұлыбританиялық боксшының келесі қарсыласы белгілі болды

Аса ауыр салмақ дәрежесінде өнер көрсететін жеңіліп көрмеген 20 жастағы ұлыбританиялық проспект Мозес Итаума келесі қарсыласын білді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл кездесу 24 мамырда Ұлыбританияда өтеді. Оның қарсыласы – 41 жастағы америкалық боксшы Майк Балогун болады.

Еске сала кетейік, Итаума кейінгі жекпе-жегін 2024 жылы желтоқсанда Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткізіп, аустралиялық Демси Маккинді бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын.

Ал Балогун болса, кейінгі жекпе-жегін 2024 жылы наурызда өткізіп, америкалық джорнимен Ламонт Каперсті төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңген еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или