Қазақстандық файтер OCTAGON лигасында үміткерлік жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық файтер OCTAGON лигасында үміткерлік жекпе-жек өткізеді

«Аватар» лақап атымен танымал қазақстандық файтер Саят Әбдуәли (7-0) OCTAGON лигасында үміткерлік жекпе-жек өткізетіні белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Лига баспасөз қызметінің мәліметінше, жеңіл салмақта өнер көрсететін спортшы келесі кездесуін OCTAGON 72 турнирінде өткізеді. Бұл жекпе-жек оның үміткерлік кездесуі болады. Қарсыласының есімі әзірге жарияланбаған. Айта кетейік, «Аватар» 7 жеңісінің 6-ын нокаутпен аяқтаған.

Айта кетейік, 19 сәуір күні Алматыда OCTAGON 71 турнирі өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақ дәрежесіндегі жеңіліп көрмеген қазақстандық чемпион Аян Тұрсын (7-0) Қырғызстан өкілі Фарида Абдуеваға (4-1) қарсы кездесуде титулын қорғайды.

OCTAGON 71 турниріне билеттерді zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады

Турнирдің бас серіктесі – UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі – 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 71 турнирінің ресми серіктесі – Gorilla Energy Drink

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или