«Бұл масқара». ҚХФ бұрынғы вице-президенті Оразбаевтың шешімін сынға алды

Қазақстан хоккей федерациясының бұрынғы вице-президенті Владимир Корсунский Prosports.kz тілшісіне берген сқхбатында Нұрлан Оразбаевтың «Барыстың» балалар және жасөспірімдер топтарын ресейлік жарыстардан алып тастауы туралы пікір білдірді.
— Бұл масқара! Мұндай нәрсені ешқашан жасауға болмайды! Ешқашан! Бұл оның алғашқы қателігі. Хоккейдің дамуы болмайды. Балалар ең болмаса жарыстарға барып, дайындық жүргізіп, ата-аналар қатысып отырды. Ішкі чемпионат ештеңе бермейді: командалар әлсіз.
Ресейлік командалармен ойнамау өте жаман. Біз өзіміз Федерацияда жұмыс істегенде, керісінше, Урал мен Сібір аймақтарына өз балаларымызды қатыстыруға тырысатын едік, сол кезде дайындық та, нәтиже де жақсы болатын. Ойнаудан бас тарту — үлкен қателік, — деп атап өтті Корсунский.