Қазақстандық фристайлшы Еуропа кубогы кезеңінде топ жарды

Швейцарияның Айроло қаласында фристайл-акробатикадан өтіп жатқан Еуропа кубогының кезеңінде ерлер арасындағы жекелей сында бақ сынаған отандасымыз Дінмұхаммед Райымқұл бірінші орын алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Оның ұпай саны – 96.58. Күміс пен қола медаль екі украиналық спортшы – Максим Кузнецов (96.23) пен Дмитрий Котовскийдің (85.30 балл) еншісінде.
Айта кетейік, кеше ғана Дінмұхаммед дәл осы жарыста күміс жүлде жеңіп алған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или