Қазақстан құрамасының фристайл-акробатикадан әлем чемпионатындағы нәтижелері

Қазақстан құрамасының фристайл-акробатикадан әлем чемпионатындағы нәтижелері

Энгадинде (Швейцария) фристайл-акробатикадан әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан құрамасы бұл жарыста жүлдеге іліге алмады. Ерлер арасындағы сайыстарда біздің спортшылар іріктеу кезеңінен өте алмады. Нәтижесінде Асан Асылхан 16-орын, Дінмұхаммед Райымқұлов 18-орын, Шерзод Хаширбаев 19-орын, ал Уланбакир Умурзаков 24-орын алды.

Әйелдер арасында Аяна Жолдас әлем чемпионатының финалына шықты. Алайда өз көрсеткішін одан әрі жақсарта алмады. Спортшы 12-орынмен жарысты аяқтады.

Дереккөз: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или