Аяна Жолдас фристайл-акробатикадан әлем чемпионатының финалына шықты

Аяна Жолдас фристайл-акробатикадан әлем чемпионатының финалына шықты


Энгадинде (Швейцария) фристайл-акробатикадан әлем чемпионатының іріктеу бәсекелері аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Әйелдер арасындағы жекелей сында қатысқан отандасымыз Аяна Жолдас 74.82 ұпаймен он екінші орыннан көрініп, ақтық бәсекеге жолдама алды.

Сондай-ақ ерлер арасында бақ сынаған спортшыларымыз Асылхан Асан (97.50 ұпай) 16-шы, Дінмұхаммед Райымқұлов  (97.20) 18-ші, Шерзод Хаширбаев (95.88) 19-шы және Ұланбәкір Өмірзақов 24-ші орынмен жарысты аяқтады.

Айта кетейік, чемпионатқа 10 елден 45 үздік атлет қатысып жатыр. Финал сайыстары ертең өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или