Допты хоккей: «Ақжайық» көш басындағы командаға есе жіберді

Ресейдің Кемерово қаласында допты хоккейден жоғары лига командалары арасында бүкілресейлік жарыстың финалдық турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Оралдың «Ақжайығы» А тобындағы соңғы кездесуін «Кузбасс-2» (Кемерово) командасымен өткізді.
Ойын айдын иелерінің басымдылығымен өтті - 6:1.
«Ақжайықтан» жалғыз голды команда капитаны Максим Өтебалиев соқты.
Осылайша, өз тобында «Кузбасс-2» командасы 15 ұпаймен көш бастаса, оралдықтар бесінші орынды қанағат тұтты.
«Ақжайық» енді 30 наурызда 9-орын үшін «Зорький» командасымен таласады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или