Софья Самоделкина: Дайындығым жақсы екенін білемін

Софья Самоделкина: Дайындығым жақсы екенін білемін


АҚШ-тың Бостон қаласында мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Әйелдер арасында қысқа бағдарламада Ұлттық құрама спортшысы Софья Самоделкина әзірге 13-сатыға тұрақтады. Ол жаттығудан кейін БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.

«Бүгін, таңғаларлығы, еш қобалжыған жоқпын. Дайындығыма және өзіме сендім. Чемпионат қарсаңында көп жаттығу жасадым. Сол себепті, қолымнан келетінін білемін»,-деді Софья қысқа бағдарламадан соң.

Жалпы Бостонда мәнерлеп сырғанаудан Милан Олимпиадасының 83 лицензиясы үлестіріледі. Оның ішінде әйелдер және ерлерден екі бөлек 24 орын. Жұптық сындағы 16, сонымен қатар мұздағы биден 19 жолдама бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или