Тимофей Скатов Испаниядағы Жирона турнирін сәтті бастады

Тимофей Скатов Испаниядағы Жирона турнирін сәтті бастады


Қазақстандық теннисші, әлемнің 175-ракеткасы Тимофей Скатов Жирона (Испания) челленджер турнирінің іріктеу сайысын сәтті өткізді.

Іріктеуде бірінші ракетка болып тіркелген Т.Скатов алдымен дүниежүзілік рейтингіде 305-орында тұрған франциялық Артур Геаның меселін қайырды — 6:2, 7:6 (8:6).

Қазақстандық теннисші іріктеу сайыстарының финалында рейтингіде 609-сатыдағы Израиль өкілі Даниэль Цукерманды тас-талқан қылды — 6:0, 6:3.

Бір сағат 23 минутқа созылған бәсеке барысында Скатов 8 брейк-пойнттың алтауын өз есебіне жазды. 

Тимофей Скатовтың негізгі турнирде әлемнің 103-ракеткасы, боливиялық Уго Дельеннен өтуге тырысып көреді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или