Әлихан Әсетов: «Командасыз жалғыз менің қолымнан ештеңе келмейтін еді»

Хоккейден жастар арасындағы Әлем чемпионатының үздік сұрмергені және Қазақстан құрамасы сапында үздік ойыншы деп танылған Әлихан Әсетов «PROСПОРТ» тілшісінің сұрақтарына жауап берді.

- Әлем біріншілігінде қалай өнер көрсеттіңіздер, айта кетсеңіз...

- Менің ойымша, біз 1-2 матч ұтылмай, жақсы ойнай алатын едік.

- Құрамамыз қола жүлдені қанжығалады. Бұдан да биік нәтижеге жетуге не кедергі болды?

- Немістерге қарсы алғашқы ойында бірінші болып гол соқтық, алайда сосын ойыншыларымыз босаңсып кетті де, қажетсіз екі шайба жіберіп алдық. Дегенмен, таразы басын теңестіргенбіз, бірақ ойынның аяқталуына бір минут қалғанда немістер жеңісті жұлып әкетті.

- Германия мен Латвия құрамаларына жол бердіңіздер...

- Біз алғашқы екі кездесуде бірыңғай команда бола алмадық! Сол себепті осындай нәтиже.

- Сіз әлем чемпионатының үздік сұрмергені атандыңыз. Сонымен қатар, Қазақстан құрамасы сапындағы үздік ойыншы болдыңыз. Мұның бәрі сіздің жоғары деңгейлі хоккейші екендігіңізді білдіреді ме?

- Өзімді құрамадағы ең үздік ойыншы деп есептемеймін. Ұжымдық ойынның арқасында осындай жүлдеге ие болдым, командасыз жалғыз менің қолымнан ештеңе келмейтін еді. Мүмкіндіктерімді мүлт жібермедім. Құрамдағы Гренц және Понюковпен ойын барысында жақсы түсінісеміз. Гренцпен бала кезден бірге өскенбіз, сол себепті бір-бірімізді жақсы түсінеміз.

- Әлем біріншілігі мәресіне жетті. Енді алдағы жоспарыңыз қандай?

- Басты мақсатым елордалық «Барыс» командасында ойнау және Қазақстан құрамасына шақырту алу.

- ҚХЛ немесе ҰХЛ клубтары тарапынан ұсыныстар түспеді ме?

- Ол жағы құпия болып қалсын. Бір айтарым, биылғы әлем біріншілігінде маған қызығушылық танытқан командалар болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или