Нұрбек Қарабала қазақстандық файтерлердің табысы туралы айтып берді

Naiza FC аралас жекпе-жек промоушенінің президенті Нұрбек Қарабала қазақстандық файтерлердің табысы туралы айтып берді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Қазақстан аумағында кім көп ақша табады? Мұратбек Қасымбай. Мен Жұман Жұмабековтің жақсы табыс табатынын білемін, Фанил Рафиков. Қасымбай 30 миллион теңгеге дейін (60 мың доллар) табыс табады деп естідім. Шетелде? Біріншіден, UFC-де күресетіндер: Шавкат Рахмонов, Асу Алмабаев. Және Артем Резников. Мен оның ақысы өте жақсы екенін естідім», - деді Қарабала Bank.kz-ке.
Естеріңізге сала кетейік, 30 жастағы Рахмонов (19-0) UFC-де 2020 жылдан бастап, 31 жастағы Алмабаев (21-3) 2023 жылдан бері өнер көрсетіп келеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или