Фристайл-акробатикадан әлем чемпионатына қатысатын қазақстандықтар белгілі болды

Фристайл-акробатикадан әлем чемпионатына қатысатын қазақстандықтар белгілі болды


Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы фристайл-акробатикадан Энгадинде (Швейцария) өтетін әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын спортшылардың тізімін жариялады.

Біздің құраманың бес өкілі әлемдік біріншілікте өнер көрсетуге мүмкіндік алды.

Энгадинде өтетін жарысқа Шерзод Хаширбаев, Уланбакир Умурзаков, Дінмұхаммед Райымқұлов, Асан Асылхан және Аяна Жолдас қатысады.

Фристайл-акробатикадан әлем чемпионаты 27 наурызда басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или