Дзюба «Қайратқа» неге бармайтынын түсіндірді

Дзюба «Қайратқа» неге бармайтынын түсіндірді


Ресей құрамасының тарихындағы үздік сұрмерген Артём Дзюба «Акрон» сапында жүріп, «Қайратқа» ауысу жайлы пікір білдірді.

Championat.com порталына берген сұхбатында шабуылшы Алматы клубына тек Чемпиондар лигасында ойнау үшін баруға дайын екенін айтты. Алайда Қазақстан чемпионатындағы жасанды алаңдар мен кейбір қалаларға байланысты бұл ойынан айнығанын жеткізді. «Маған Қазақстанда жасанды алаңдар бар екенін айтты. Бір-екі ойын өткізіп, сол жерде мансабымды аяқтап кететін шығармын», – деді Дзюба.

Айта кетейік, ресейлік шабуылшы 2023 жылы жазда «Акронға» еркін агент ретінде ауысып, маусым соңына дейін келісімшарт жасасқан.

Бұған дейін БАҚ-та Дзюбаны «Қайраттың» қатарына қосу туралы ақпарат тараған еді, алайда футболшы бұл нұсқаны қарастырмайтынын анық аңғартты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или