Павел Колмаков фристайл-могулдан Швейцариядағы әлем чемпионатын сәтті бастады

Павел Колмаков фристайл-могулдан Швейцариядағы әлем чемпионатын сәтті бастады

Швейцарияның Энгадин қаласында фристайл-могулдан әлем чемпионатының ерлер арасындағы жарысында іріктеу кезеңі өтті.

Іріктеу кезеңіне Қазақстан құрамасынан төрт спортшы қатысты. Алайда, тек Павел Колмаков қана іріктеуден өтіп, 16-нәтиже көрсетті.

Антон Бондарев 25-орынға, Максим Емельянов 27-орынға, ал Федор Бугаков 30-орынға ие болды.

Айта кетейік, негізгі жарысқа тек алғашқы 20 спортшы ғана өтті.

Бұған дейін Юлия Галышева мен Анастасия Городко да сәтті өнер көрсетіп, іріктеуден өткен болатын.

Жүлделер 19 наурызда сарапқа салынады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или