Қазақстандық спортшы Норвегияда өтіп жатқан әлем чемпионатында төртінші орын алды

Қазақстандық спортшы Норвегияда өтіп жатқан әлем чемпионатында төртінші орын алды

Қазақстандық Кристина Силаева конькимен жүгіруден Норвегияның Хамар қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында медальға бір қадам жетпей қалды.

Конькимен жүгіруші 500 метр қашықтықта төртінші орын алды. Ол жарысты 37,87 секунд нәтижесімен аяқтады.

Жеңісті Фемке Кок (Нидерланд) – 37,50 иеленді. Күміс жүлде Ютта Лердамға (Нидерланд) – 37,69, ал қола медаль Ким Мин Сонға (Оңтүстік Корея) – 37,73 бұйырды.

Айта кетейік, бір күн бұрын Қазақстан әйелдер құрамасы да командалық спринтте төртінші орын алған болатын.

Дереккөз: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или