Алматыда үстел теннисінен Қазақстан чемпионаты өтеді

Алматыда үстел теннисінен Қазақстан чемпионаты өтеді

Алматыда үстел теннисінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді.

Чемпионат аясында командалық, жеке, жұптық және аралас санаттар бойынша медальдар сарапқа салынады.

Турнирге Қазақстан құрамасының көшбасшы спортшылары қатысады, олардың қатарында: Кирилл Герасименко (Астана), Алан Құрманғалиев (Қарағанды облысы), Сарвиноз Миркадирова (Алматы), Айдос Кенжіғұлов (Алматы), Зәуреш Ақашева (Қарағанды облысы), Әнел Бақыт (Алматы), Ырысбек Артықметов (Шымкент) және басқа да спортшылар.

Жарыстар 17-23 наурыз аралығында өтеді.

Дереккөз: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или