Қазақстан Үстел теннисінен Тәжікстандағы турнирде алты медаль жеңіп алды
Тәжікстанның Дангар қаласында үстел теннисінен Тәжікстан Президентінің ашық кубогы мәресіне жетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.
Халықаралық турнирде Қазақстан намысын Айдос Кенжіғұлов, Санжар Жұбанов, Сағантай Құрмамбаев, Ырысбек Артықметов, Жанерке Көшкімбаева, Әнел Бақыт, Ангелина Романовская және Гүзел Торшаева қорғады. Ұлттық құрама жарысты алты медальмен аяқтады.
Әнел Бақыт пен Қазақстан әйелдер құрамасы командалық сайыста алтын жүлдеге ие болды. Айдос Кенжіғұлов, Ангелина Романовская және ерлер құрамасы күміс медаль жеңіп алды.
Ал Санжар Жұбанов жарысты қола жүлдемен түйіндеді.
Путинцеваның «Ролан Гаррос» турниріндегі келесі қарсыласы белгілі болды
Денис Евсеев Молдовадағы турнирді сәтті бастады
Григорий Ломакин Үндістандағы турнирдің финалында жеңіліп қалды