Қазақстан пара-биатлоннан әлем кубогында алтын медаль жеңіп алды

8 наурызда Швецияның Торсби қаласында IBU пара-биатлоннан әлем кубогының кезеңі өтіп, қазақстандық спортшы Ербол Хамитов 7,5 шақырымдық спринттік жарыста 19:38,0 нәтижемен жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Күміс жүлдені Павло Бал (Украина), қоланы тағы бір украиндық спортшы Александр Алексик жеңіп алды.
Бұл жарысқа тағы бір қазақстандық спортшы Сергей Усольцев те қатысып, 22:31,1 нәтижемен 9-орынға тұрақтады.
Сондай-ақ Александр Герлиц 7,5 шақырымдық спринттік жарыста 18:46,83 уақытпен мәреге 5-ші жетті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или