Қазақстан құрамасы польшалықтарды ұтты

Польшалық Катовицте «Еурочеллендж» аясында өтіп жатқан хоккейден халықаралық турнирде Қазақстан құрамасы сайыс қожайындары Польшамен кездесті.

Бірінші кезеңде Талғат Жайлауов пен Никита Михайлис бір-бір шайбадан салып, қазақстандықтардың басымдығын арттырды. Үзілістен кейін польшалықтар есеп айырмасын қысқартқан, алайда үшінші жиырма минуттықта Ярослав Евдокимов ойынның нүктесін қойды – 3:1.

Осы жеңісінің арқасында қазақстандықтар турнирде жеке дара көш бастады. 19 желтоқсанда Қазақстан құрамасы Италияға қарсы кездесу өткізіп, сайысты қорытындылайды. Матч Астана уақытымен 21:00-де басталады.

Польша – Қазақстан 1:3 (0:2, 1:0, 0:1)

0:1 – Жайлауов – 15:29

0:2 – Михайлис (Гребенщиков) – 19:22

1:2 – Хмелевски (Запала, Малашиньски) – 32:59, бол.

1:3 – Евдокимов (Михайлис, Шестаков) – 56:33

Қақпашылар: Косовски – Полуэктов

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или