Екі қазақстандық әлем чемпионы допинг дауына ілікті

Екі қазақстандық әлем чемпионы допинг дауына ілікті

Халықаралық аралас жекпе-жек қауымдастығы (ITA) екі қазақстандық әлем чемпионының тыйым салынған затты қолданғанын анықтады, деп хабарлайды Prosports.kz

Спортшылардың допинг сынамаларынан рұқсат етілмеген препарат – мельдоний табылды.

Допинг қолданды деген күдікке ілінген спортшылардың бірі – бұрын полиция қызметкері болған Айдын Төлепбай. Ол 79 кг дейінгі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанған. Екінші спортшы – 72,6 кг салмақта өнер көрсеткен Зейнеп Оразхан. Ол да Төлепбай сияқты Индонезияның Джакарта қаласында өткен әлем чемпионатында жеңіске жеткен.

Қазіргі уақытта екі спортшының да дисквалификация мерзімі белгісіз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или