Промоутер Исмағұлов – Рафиков арасындағы бокс жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады

Промоутер Исмағұлов – Рафиков арасындағы бокс жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады

Fight Nights Global лигасының басшысы Камил Гаджиев қазақстандық ММА файтерлері Дамир Исмағұлов пен Фаниль Рафиков арасында бокс жекпе-жегін ұйымдастырғысы келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

«Ертең Фаниль Рафиков пен Дамир Исмағұловқа бокс титулы үшін жекпе-жек өткізу туралы ұсыныс жасаймын. Жүлде қоры өте жақсы болады. Жігіттер келіседі деп ойлаймын. Олардың ММА ұйымдары алдында міндеттемелері бар және басқа ештеңе кедергі келтірмейді деп ойлаймын. Бұл бомба болады», – деді Гаджиев «Итоги недели» бағдарламасында.

Айта кетейік, 27 ақпанда Фаниль Рафиков бокс жекпе-жегінде ресейлік Ахмед Алиевтен басым түскен болатын.

Дамир Исмағұлов кәсіпқой рингтегі дебютін 20 желтоқсанда өткізіп, бразилиялық Фелипе да Силва Майяны төрешілер шешімімен жеңген еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или