Шавкат Рахмонов чемпиондық титул үшін қашан жекпе-жекке шығатынын айтты

Шавкат Рахмонов чемпиондық титул үшін қашан жекпе-жекке шығатынын айтты

Аралас жекпе-жектен жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық даңқты файтер Шавкат Рахмонов чемпиондық титул үшін қашан жекпе-жекке шығатынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Камил Гаджиевке сұхбат берген «Nomad» әлі де болса жарақатымен әбігер болып жүргенін жасырмады.

«Белал мен Маддалена арасындағы жекпе-жекте кімнің жеңетіні маған қызық емес, қайсысы жеңсе де күзде титулын қорғауы тиіс болады. Ал, мен алдымен денсаулығымды қалыпқа келтіруім керек, сол уақытқа дейін дайын болу үшін барымды саламын», - деді Рахмонов.

Еске салайық, Шавкат Рахмонов былтыр желтоқсанда UFC-де әлем чемпионы атағы үшін америкалық Белал Мухаммадпен жекпе-жек өткізуі керек болған. Алайда, Белал денсаулығына байланысты октагонға шыға алмай, бұл кездесу биыл көктемге қалдырылған еді. Енді Шавкаттың жарақатына байланысты тағы да өтпей қалды. Есесіне UFC Белалға өзге қарсылас беріп отыр, ол аустралиялық Джек Делла Маддаленамен төбелеседі. Сарапқа Белал Мухаммадтың чемпиондық титулы салынады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или