UFC-ден бірден алты файтер қуылды

UFC-ден бірден алты файтер қуылды

UFC-дің жеңіл салмақтағы 35 жастағы америкалық файтері Коди Стаманн сегіз жылдан кейін аралас жекпе-жектің ең беделді ұйымынан кетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы MMA Junkie порталы мәлімдеді. Осы сегіз жыл ішінде Стаманн UFC аясында 15 жекпе-жек өткізіп, 7 жеңіске жетіп, 7 рет жеңілген, сондай-ақ бір кездесуін тең нәтижемен аяқтаған еді.

Айта кету керек, 2021 жылы Стаманн жеңіл салмақтағы қазіргі UFC чемпионы Мераб Двалишвилимен жекпе-жек өткізіп, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіліп қалған болатын.

Стаманннан бөлек, промоушеннен жартылай жеңіл салмақтағы америкалық Хулио Арсе, аустралиялық Джошуа Кулибао, жеңіл салмақтағы француз файтері Тейлор Лапилус, бразилиялық Клейдсон Родригес және жартылай жеңіл салмақта өнер көрсететін америкалық Джонатан Пирс кетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или