Қазақстандық файтер Karate Combat лигасындағы екінші жекпе-жегі алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті
Қазақстандық файтер Ілияс Хамзин америкалық Karate Combat лигасындағы екінші жекпе-жегі алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Хамзиннің қарсыласы бұрын UFC-де өнер көрсеткен америкалық файтер Дуайт Грант болады.
Жекпе-жек алдындағы салмақ өлшеу рәсімінде Ілияс 84 келіні көрсетті.
Хамзин мен Грант арасындағы жекпе-жек 1 наурыз күні таңертең Денверде (АҚШ, Колорадо штаты) Karate Combat 53 турнирі аясында өтеді.
Айта кетейік, Ілияс бұл лигада алғаш рет бір ай бұрын өнер көрсетіп, бразилиялық Лукас Мартинспен (22-7) кездесуде тыйым салынған соққылар үшін жекпе-жектен шеттетілген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или