Квебекте 12 жастағы хоккейшілерге арналған PeeWee балалар турнирі өтті
Квебекте 12 жастағы хоккейшілерге арналған жыл сайынғы PeeWee балалар турнирі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстан командасы 2-орынға ие болды!
1960 жылдан бері өткізіліп келе жатқан PeeWee турнирі жыл сайын 15-тен астам елдің 12 жастағы хоккейшілерін жинап, оларға халықаралық аренада өздерін көрсетуге мүмкіндік береді.
Биыл Hockey Dreams қоғамдық бірлестігінің қолдауымен Қазақстаннан келген «Astana Team» балалалар командасы Квебекте өнер көрсетіп, «AA Elite» дивизионының финалына шықты. Негізгі уақыт тең аяқталып, овертаймда Квебек командасы «SSF Blizzard» жеңіске жетті.
Дегенмен, қазақстандық жас хоккейшілер турнирде тамаша ойын көрсетіп, жеңіліссіз серия өткізді және тек финалда алаң иелеріне жол берді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или