Қазақстандық спортшы ирандық файтерді нокаутқа түсірді
Алматыда өтіп жатқан OCTAGON 70 турнирі аясындағы жекпе-жек кешінің бесінші жекпе-жегі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жартылай орта салмақта ирандық Фарзад Гадери (18-14) мен қазақстандық Рүстем Мұхатов (13-2) кездесті.
Жекпе-жек бір раундқа созылып, Рүстем Мұқатов техникалық нокаутпен мерзімінен бұрын жеңіске жетті.
OCTAGON 70 басты кездесуінде BMF титулы үшін жекпе-жек өтеді онда танымал қазақстандық актер әрі файтер Еркебұлан Тоқтар (9-3) тәжікстандық Камиль Каратемен (7-2) кездеседі.
Негізгі кездесуде ұйымның жартылай орта салмақтағы чемпионы Георгий «Рыцарь» Кичигин (31-11) өзбекстандық Сайдатахон Нуриддиновке (6-1) қарсы белбеуін қорғайды.
Аса ауыр салмақта қазақстандық екі файтер бос тұрған чемпиондық белбеу үшін таласады: Кәрім Рузбакиев (9-2) пен Константин Меркулов (5-3).
OCTAGON 69 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink
OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы
Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі.